Жаңалықтар

31 шілде 2009
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Шолпан-Атада (Қырғыз Республикасы) өткен Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі Шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер басшыларының бейресми басқосуына қатысты.

Бұл Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан көшбасшыларының Қырғызстандағы президенттік сайлаудан кейінгі алғашқы кездесуі, сондықтан әріптестер алдымен Құрманбек Сәлиұлын Қырғыз Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады.

Мемлекет басшыларының басқосуы барысында Ұжымдық қауіпсіздік Шарт ұйымының Бас хатшысы Николай Бордюжаның ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттердің ақпараттық саясатын үйлестіруді қалыптастыру жөніндегі практикалық шаралар мен амалдары туралы баяндамасын тыңдады, жақында құрылған Жедел әрекет етуші ұжымдық күштің қызметінің мәселелерін жан-жақты талқылады.

Мемлекет басшылары Ыстықкөл өзенінің жағалауында «Одақ» атты ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттердің әскери-спорттық бірлестіктері мен жастардың патриоттық Халықаралық жиынын жыл сайын өткізу үшін пайдалануға болатын ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттердің тұрақты қолданыстағы спорттық сауықтыру базасының құрылысын салу мүмкіндігін қарастырды.

Сондай-ақ халықаралық көкейкесті мәселелер бойынша, соның ішінде жаһандық экономикалық дағдарыстың әсерін еңсеруді үйлестіруге күш салу, халықаралық және өңіраралық қауіпсіздік архитектурасын жетілдіру, Ауғанстандағы жағдай жөнінде тиімді пікірлер алмасты.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар