Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

1 қазан 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Теміртау қаласының 60 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысты.

56.jpg

57.jpg

Мұнда Елбасы өзінің тапсырмасы бойынша салынған жаңа «Миттал» спорт кешенін аралап көрді. «Миттал Стил Теміртау» АҚ жобалап демеушілік көрсеткен кешеннің жалпы көлемі 3300 шаршы метрді құрайды.

Қаланың мерейтойлық салтанатына арналған театрландырылған қойылым көрсетілген мұз айдыны сарайында Нұрсұлтан Назарбаев теміртаулықтарды атаулы мерекелерімен құттықтады.

- Менің жастық шағым, мен үшін маңызды әрі қымбат жылдарым осында өтті. Әр келген сапарымда көңіл қуантарлық жаңа өзгерістерді көремін, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев қаланың өсіп-өркендейтініне сенім білдірді және теміртаулықтарға жетістіктер тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар