Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

25 тамыз 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев керамикалық кірпіш шығаратын «Keratek» ЖШС зауытында болып, еңбек ұжымын зауыттың іске қосылуымен құттықтады.

- Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруі негізінен біздің кәсіпорындарымыз өнімінің әлемдік рынокта қаншалықты бәсекеге қабілетті болуына да байланысты. Бұған осындай сіздердің жоғары технологиялық, қазіргі заманғы өндірістеріңіздің шамасы келеді деп ойлаймын, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев зауыт ұжымына арнаған сөзінде.

 
«Keratek» ЖШС қызметінің негізгі бағыты құрылысқа арналған және керамикалық кірпіш өндіру болып табылады. Кірпіш өндіруге жергілікті шикізат пайдаланылады.

 
Жаңа зауыт жоғары технологиялы неміс қондырғыларымен жабдықталған. Зауыттың зертханасы өнім сапасына көпсатылы үздіксіз бақылау жасауды жүзеге асырады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар