Жаңалықтар

2 ақпан 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовті қабылдады.

Президент биліктің барлық құрылымы Жолдауды іске асыру жөнінде алда тұрған жұмысқа белсене әрекет етулері тиіс екенін атап көрсетті.

- Көпке созбастан, Үкімет өз Жоспарын анықтап, әрекет ете бастауы қажет. Барлық іс-шараларды қаржыландыру көздерін табу керек. Әкімдер еліміз алдында тұрған жаңа міндеттерді халыққа түсіндіруге тиіс. Жұмыстың қорытындысы бойынша Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізу қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

К. Мәсімов, өз кезегінде, Президентті Үкіметтің Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларды орындау жөніндегі жұмысы туралы хабардар етті.

- Сіз Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекітіп бердіңіз. Бұл Жоспарда барлық министрліктер мен ведомстволар арасындағы міндеттер тиянақталған. Келесі аптадан бастап, Үкіметтің әрбір отырысы оны орындауға арналатын болады. Сіздің Үкімет отырысында айтқан барлық сыни ескертулеріңіз түзетілетін болады, - деді К. Мәсімов.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар