Жаңалықтар

25 тамыз 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының 70-жылдығына арналған театрландырылған қойылымға барды.
42.jpg

Орталық «Шахтер» стадионында Елбасын 20 мыңнан астам қарағандылықтар қарсы алды.

 
Президент осы шараға қатысушылардың барлығын, Қарағанды облысының күллі тұрғындарын осы атаулы мерекемен құттықтады.

 
- Қарағанды жеріне деген менің ыстық ықыласымды сіздер жақсы білесіздер. Осы өңірде өмірімнің мен үшін аса маңызды әрі қымбатты жылдары өтті. Қарағанды жерінің бұдан әрі өркендей беруіне тілектеспін, - деді Президент.

 
Қала мен облыстың шығармашылық ұжымдары жарқын мерекелік бағдарлама бойынша қойылым көрсетті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар