Жаңалықтар

7 қаңтар 2009
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандағы православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтауы.

Құрметті отандастар,

Қазақстанның православ христиандары!


Сіздерді Рождество жарқын мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін аталған мерекені сіздермен бірге көпконфессиялы және көпұлтты Қазақстанның барлық азаматтары атап өтуде.


Түрлі діндерге құрметпен және ізгілікпен қарау – Қазақстан қоғамының маңызды негіздерінің бірі. Біздің елімізде діни, ұлттық немесе нәсілдік төзімсіздік оқиғалары ешқашан орын алған емес. Мемлекет Қазақстанда тұратын барлық халықтар ұлттық тілдерін, өздеріне тән мәдениетін, салты мен дәстүрін сақтап, өздерінің діни көзқарастарын еркін білдірулеріне толық жағдай жасап келеді. Бүгінгі таңда еліміз азаматтары, діни және этностық ерекшеліктеріне қарамастан, жаңа да қазіргі заманғы Қазақстанды бірге тұрғызуда.


Біздің еліміз бүгінгі дүниедегі діндер мен өркениеттер арасындағы үнқатысу орталықтарының біріне айналып отыр. Осы жылдың жазында Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының үшінші съезі өтеді.


Еліміздің рухани өміріндегі Орыс православие шіркеуінің үлкен рөлін атап өткім келеді. Жаңа храмдар салынып, жексенбілік мектептер жұмыс істеуде.


Жақында Мәскеу мен Бүкіл Ресейдің жаңа патриархын сайлау өтеді. Бұл – орыс православиесі үшін маңызы зор оқиға. Және біз Шіркеу өзінің жаңа лайықты рухани басшысына ие болғанын шын ниетімізбен қалаймыз.


Қиын кезеңдерде біздің халықтарымыздың достығы, Қазақстан қоғамының бірлігі мен келісімі кез келген күрделіліктерді бірлесіп еңсеруге көмектесті. Әлемдік қоғамдастық жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан душар болған қазіргі сынақтардан Қазақстанның жұдырықтай жұмылған халқы лайықты тұрғыда және абыроймен өтетініне нық сенім білдіремін.


Осы жарқын мерекеге орай барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, отбасылық игілік, еңбекте табыс тілеймін!


Біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен тыныштық әрқашан салтанат құрсын!


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар