Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

15 тамыз 2006
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Сочиге келді.

181.jpg

182.jpg

«Бочаров бұлағы» резиденциясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің кездесуі өтіп, онда екіжақты ынтамықтастық пен Кеңес Одағынан кейінгі кеңістіктегі ықпалдастық мәселелері талқыланды.

 

- Біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар гуманитарлық салада да, экономикада да, саяси деңгейде де жоғары қарқынмен дамып келеді. Мен Қазақстанның халықаралық аренада үлкен беделге ие болатынына сенемін. Мен бұл жерде Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығына өтініш білдіруін айтып тұрмын. Біз өз тарапымыздан Қазақстанның кандидатурасын барынша қолдаймыз, - деп атап өтті Владимир Путин.

 

- Біздің әр кездесуіміз жемісті болып келеді. Бүгінгі көлік саласында қол қойылатын келісімдер біздің елдеріміз арасындағы жүк айналымын 30 пайызға арттырады. Үшінші қазанда өтетін шекаралас аймақтар жетекшілерінің форумында газ саласы бойынша және біздің қарым-қатынастарымызды одан әрі нығайтуға ықпал ететін Қазақстан мен Ресей арасындағы шекарадан өтуді жеңілдету бойынша келісімдерге қол қойылады. Мен Кеңес Одағынан кейінгі кеңістіктегі ықпалдастық мәселелерін талқылауға әрқашан да дайынмын. Біз БЭК шеңберінде ЕурАзЭҚ-қа бейімдеуге болатын 38 құжат дайындадық, - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі мен Ресей Федерациясының Көлік министрлігі арасындағы екі ел аумағы бойынша тасымалданатын транзиттік жүктерге оңтайлы тарифтер белгілеу туралы және Қазақстан Үкіметі мен Ресей Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей аумағында орналасқан теміржол учаскелері бойынша және Ресей Федерациясының Қазақстан аумағында орналасқан теміржол учаскелері бойынша жүк тасымалын ресімдеу мен тәртібі туралы және келісімдерге қол қойылды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар