Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

20 наурыз 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті

Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Әзербайжан Президентіне ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы өзара ықпалдастықты жан-жақты дамытудың бағыты өзгермейтінін атап өтті.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Әзербайжанның қарым-қатынастарын қалыптастыру және оны нығайту ісінде ерекше рөл атқарғанын атап өтті.

Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге Әзербайжан жағы бастамашы болды.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары