Жаңалықтар

9 ақпан 2015
Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

 

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылдың ағымдағы мәселелерін талқылады.

В.Путин өзінің Германия және Франция көшбасшыларымен 6 ақпанда Мәскеуде өткен келіссөздерінің қорытындылары, сонымен қатар «норманд форматында» 8 ақпанда телефон арқылы өткізген келіссөздері жөнінде айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Минскіде 11 ақпанда өткізу жоспарланған төртжақты келіссөздер Украина қақтығысын реттеу жолдарын іздестіру ісінде мәмілеге келуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.  

Бұдан бөлек, Ресей экономикасындағы уақытша қиындықтарға байланысты мемлекеттер басшылары өзара сауданың ағымдағы мәселелерін талқылады. Екі ел үкіметтеріне өзара тиімді шешімдер әзірлеу жөнінде тапсырма берілді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары