Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

16 тамыз 2006
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер басшылары бірлескен баспасөз мәслихатына қатысып, онда бүгінгі өткен кездесудің қорытындылары туралы әңгімеледі.

ЕурАзЭҚ шеңберінде кедендік одақ құру орайында ЕурАзЭҚ хатшылығына және Қазақстан, Ресей және Беларус елдеріне кедендік одақты құру жөнінде шаралар кешенін қабылдауды міндеттейтін тиісті құжат келісіліп, қабылданды.

 
Баспасөз мәслихатында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин «түпкілікті мақсат – ЕурАзЭҚ елдерінің Кедендік одаққа қосылуы» деп атап көрсетті.

 
Мемлекет басшылары Қоғамдастық шеңберінде ортақ энергетикалық рынок құру туралы идеяны қолдады, Орталық Азиядағы су-энергетикалық ынтымақтастықты дамыту мен атом энергетикасы саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ мемлекет басшылары Өзбекстанның ҰҚШҰ-ға қосылуы туралы шешімге қол қойды.

 
- Қазақстан, Ресей және Беларус елдерінің кедендік одақты құруға негіз болу үшін әзірленген 38 құжаттың 31-імен келісуі бүгінгі кездесудің нақты қорытындысы болып табылады. Бұнымен қоса біз ДСҰ-ға кіру мәселесімен айналысып жатырмыз. Қазақстан мен Ресей бұл процесте едәуір алға жылжыды және ЕурАзЭҚ-тың басқа да мүшелеріне қолдау білдіретін болады, - деп атап көрсетті Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

 
- Біз осымен біздің халықтарымыздың игілігі үшін көпжоспарлы ынтымақтастықты дамытуға деген бірлескен құлшынысты тағы бір мәрте дәлелдедік, - деп атап өтті Владимир Путин баспасөз мәслихатының соңында.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар