Жаңалықтар

21 шілде 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Кәрімовпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында  Мемлекет басшысы Өзбекстандағы жер сілкінісі кезінде адамдардың құрбан болуына байланысты шын жүректен көңіл айтты. Нұрсұлтан Назарбаев мерт болғандар мен зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына арналған өзінің көңіл айтуын да жеткізді. Мемлекет басшысы жер сілкінісінің зардаптарын жоюға кеңінен қолдау мен көмек көрсетуді ұсынды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстанның Президенті Ислам Кәрімов екі елдің ынтымақтастығын одан әрі дамытудың бірқатар мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы белсенді экономикалық ықпалдастық мәcелелері туралы пікір алысты.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар