Жаңалықтар

2 ақпан 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы Рашид Түсіпбековті қабылдады.

Р. Түсіпбеков жемқорлық пен «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қимылдары бойынша қаржы полициясы органдарының ағымдағы жедел-қызметтік қызметі туралы баяндады.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев жемқорлықпен және экономикалық қылмыспен күрес – қаржы полициясы органының алдына қойылған негізгі міндет екенін атап көрсетті. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру, атап айтқанда, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген қаражатты пайдалануға бақылауды күшейту керек.

- Айқындалған 8 мың сыбайлас жемқорлықтың 5,5 мыңы экономикаға қатысты. Егер олар таза жұмыс істейтін болса, кәсіпкерлерде проблема болмауы керек, - деп қадап айтты Президент.

Мемлекет басшысы қаржы полициясы органына шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын қорғауды қамтамасыз етіп, жемқорлық пен «көлеңкелі» экономикаға қарсы күресті күшейтуді тапсырды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар