Жаңалықтар

19 наурыз 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана қаласының Басжоспары ҒЗЖИ» МКК-да болды.

Президент Астана қаласының 2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда қала құрылысының аспектілерімен және астананың тұрғын үйлер салынатын перспективалы аудандарын дамыту жөніндегі ұсыныстармен танысты.

Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетов Мемлекет басшысына Қазақстан тарихы мұражайының жұмыс бабындағы жобалау материалдарын, Астана қаласындағы «Қала сағаты» нысаны жобасының эскиз-идеясы бойынша үздік байқау материалымен таныстырды.

Президент сондай-ақ «Мәңгі ел» Еуразиялық қоғамдық-мәдени орталықтың жобасымен танысты. «Мыңжылдық» кешені маңына Қазақстан дамуының тарихи кезеңдерін бейнелейтін қоғамдық, тұрғын үй және мәдени-ойын-сауық нысандарын орналастыру туралы ұсыныстар айтылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Монумент жобасының жұмыс бабындағы материалдарымен, Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған инженерлік ғимараттарды қайта қалпына келтіру, белгілі нысандарды орналастыру Тұжырымдамасының материалдарымен танысып шықты.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар