Жаңалықтар

21 шілде 2011
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстанның 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өтті.
01

Кеңестің жұмысына Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин, Президенттің көмекшісі Бақыт Сұлтанов, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов қатысты.

Кеңес барысында 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері, егін жинауға әзірлік және оны өткізу мәселелері талқыланды.

– Біз айдың басында экономиканың қорытындысын жасадық. Қазақстанның экономикасы 7,1 процентке өсті. Оның ішінде өндірістің өсуі 6 процентке жақын екендігі қуантады. Сол 7 проценттің ішіндегі индустриалық бағдарламаның өзі 2,6 проценттік ауқымды қатмамасыз етті. Міне, индустриялық бағдарлама бізге осындай үлкен пайда әкеліп отыр. Біз индустриялық бағдарламаның жүзеге асырылуының жартыжылдығын қорытындыладық. 50-ден астам өндіріс іске қосылды. Соның арқасында 160 мың адам жұмыс орнын иеленді.  Жұмыссыздық деңгейі 5,3 процентке дейін төмендеді. Былтыр 152 жобаны іске қосқан болатынбыз. Биыл 300-ге жуық жоба іске асады. Әсіресе, машина жасау өндірісі 30 процентке өсті. Жаһанды жайлаған дағдарыстың салдарынан Америка Құрама Штаттарында, Еуропа елдерінде, басқа да көптеген аймақтардағы жағдай оңай болып отырған жоқ. Мемлекеттер қарыздарынан құтыла алмай жатыр. Сондықтан барлық жерлерде бюджеттік қаражат қысқарып, жалақы мен зейнетақы көлемі азайып жатқан кезде, біз 1 шілдеден бастап бюджеттен қаржыландыратын азаматтардың жалақысын 30 процентке көбейттік. Жалпы, дағдарыс уақытысында біз оны екі есеге көбейттік. Халықаралық қорларымыз да өсіп келеді. Соған қарамастан  дүниежүзілік экономикада қауіп-қатерлер аз емес. Биылғы жыл – біздің Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы. Біз оны қалай өткізіп, қалай аяқтаймыз?  Биылғы егіннің ахуалы жаман емес. Бір жарым жылдық жемшөп қорын жинауға болады. Бұл жұмыс қалай жүріп жатыр? Егінді жинауға дайындық қалай? Қысқы маусымға дайындық қай деңгейде? Міне, осы мәселелерді талқылауымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.

Кеңес барысында 2011 жыл­дың бірінші жартыжыл­дығында­ғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және ағым­да­ғы жылдың болжамдары тура­лы Премьер-Министр Кәрім Мә­сімов баяндама жасады.

- Құрметті Нұрсұлтан Әбіш­ұлы, дағдарыс кезінде және дағдарыстан кейінгі кезеңде Сіз қабылдаған шешімдердің арқа­сында, индустриялық бағдарла­маны дамыту, Кеден одағын құру, дағдарысқа қарсы шаралар белгілеу жөніндегі Сіз берген тап­сыр­малардың нәтижесінде 2011 жыл­дың бірінші жартыжыл­дығын­да­ғы жетістіктер шын мәнінде ай­тарлықтай болғанын атап өткім келеді. Менің кейбір цифрларға тағы да назар ау­дарт­қым келеді: Сіз жаңа атап көр­сеткендей, бірінші жартыжыл­дық­та ішкі жалпы өнім көлемі 7,1 пайызға өсті. Үстіміздегі жыл­дың сәуір айында Сіз Үкі­метке карта белгілеу, бағдарлама дайындау жөнінде тапсырма бер­діңіз. Бұл мәселелер жөнінде министрліктер, ұлттық компаниялар арасында жауапкершілік белгіленуі қажет екендігін ескерттіңіз. Бұл тапсырманы Экономика министрлігі белгілеп, ол Үкімет оты­рысында қабылданды. Бірінші жартыжылдықтың өзінде өсім 7,1 пайыз болды. Ішкі жал­пы өнім көлемі бірінші жарты­жыл­дықта 9,5 триллион теңге немесе 65 миллиард АҚШ долла­рын құрады. Анықтама ретіндегі цифрлар: өткен жылы ІЖӨ 21,6 триллион теңге немесе 148 миллиард АҚШ долларын құраған, бұл 2010 жылғы көрсеткіш. 2011 жылдың бірінші жартыжыл­ды­ғын­да мемлекеттік бюджет кірісі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 28 пайызға өсті. Бұл салық түсімдерінің артқан­ды­ғын және экономиканың өс­кен­ді­гін көрсетеді. Бірінші жар­ты­жылдықтағы мемлекеттік бюджет тапшылығы өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырған­да 2 есеге жуық немесе 44 пай­ызға қысқарды. 2011 жылы рес­пуб­ликалық бюджет қаржылары Сіздің Жолдауыңызда, «Нұр Отан» партиясының съезінде бер­ген тап­сырмаларыңыздан және Үкі­метке жүктеген міндеттеріңізден туындайтын мәселелерді шешуге бағытталуда. Қаржылық сала ахуалы бойынша – екінші дә­ре­желі банктердің активтері жыл басынан бері 2,5 миллиард АҚШ долларына немесе 360 миллиард теңгеге немесе 3 пайызға өсті. Бұл өткен жылғы қаржы сала­сын­дағы ахуалды ескере келгенде өте жақсы көрсеткіш. Еліміздің халықаралық резерві 2011 жыл­дың 6 айы ішінде өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстыр­ған­да 37,7 пайызға артып, 73 миллиард АҚШ долларын құрады. Он­ың ішінде шетел валюталары есебіндегі Ұлттық қордың активтері 38,5 миллиард АҚШ долла­рын құрады және 45 пайызға арт­ты. Нақты экономика сала­сын­да өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,8-дің орнына 6 пайызға дейін өс­кен­дігі қуантады. Оның ішінде қайта өңдеу саласында 8,7 пай­ызға және тау-кен өндірісі сала­сында 4,1 пайыз өсімге қол жеткізілді. Басқаша айтқанда, қайта өңдеу саласын дамыту жөніндегі Сіз алға қойған міндеттер іс жүзінде жүзеге асырылғандығын көріп отырмыз. Атап айтқанда, машина жасау саласында өсім 30 пайызды құрады. Бұл бүгінде Сіздің тапсырмаңыз бойынша жү­зеге асырылып жатқан ин­дус­трия­лық бағдарламаның нақты ти­­імділігін көрсетеді және біз өткен жылы және биылғы жыл­дың ба­сында іске қосқан кәсіп­орын­дар­дың пайдасын 2011 жыл­дың өз­інде-ақ көріп отырмыз. Мен мы­на мәселені барлық жауапкершілікпен атап өткім келеді, біз бірінші жартыжылдықта барлық бол­жаулар бойынша 6 пайыз өс­імге, жыл ішінде 7 пайыз өсімге қол жеткізуді болжаған едік. Бү­гінде жағдай былай қалыптасып отыр, біз бірінші жарты­жыл­дық­тың өз­ін­де 7 пай­ыз өсімге қол жеткіздік. Енді әлем­дік рынок­та­­ғы бар­лық конъ­юнктура­ларды ескере келіп, Сіз бізге тапсырған 7 пайыз өсімді орындап шыға­мыз. Осы орайда мен баса назар аударатын бір мә­селені ерекше атап өткім келеді. Бұл – кәсіпкерлікті дамыту, бизнес ахуалын жақсарту. Сіз бізге кәсіпкерлікті дамытуды тежейтін барлық кедергілерді төмендету жөнінде нақты тапсырма бердіңіз. Сізге осыған байланысты заң жо­басы қол қою үшін жолданды. Жалпы алғанда, бірінші жарты­жы­л­дықта, яғни 1 шілдеге дейінгі кезеңде белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8 пайызға артты. Жалпы, қазір біздегі шағын кәсіпкерлік субъекті­лер саны 678 мыңға жетті. Шағын және орта бизнес саласында 2,5 миллион адам жұмыспен қамтыл­ған. Бұл жалпы алғанда еңбекке қабілетті тұрғындардың үштен бір бөлігін құрайды. Сіздің тап­сырмаларыңызды орындау үшін «Бизнестің жол картасы» бағ­дар­ламасы қабылданды. 2011 жы­л­дың 2 шілдесіндегі жағдай бой­ын­ша бағдарлама шеңберінде 1,2 миллиард АҚШ доллары көлемін­дегі 436 өтініш қанағаттандырыл­ды. Бұл шағын және орта бизнес үшін жаман көрсеткіш емес. Біз Сіздің тапсырмаңыз бой­ын­ша тұрақты түрде кездесіп оты­рамыз. Әрине, сұрақтар туындап тұрады, шешуді талап ететін мәселелер де баршылық. Алайда, жалпы, тренд оң дәрежеде. Бес айдың қоры­тын­дысы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 40 пай­ызға артты. Кеден одағының 5 ай ішіндегі жұмыс қорытындысы өте тиімді нәтижелер беріп отыр­ғандығын Сізге ерекше атап көр­сеткім келеді. Біздің өнім­дері­міздің экспорты Ресей Федера­циясына 60 пайызға, Белорус­сия­ға 2,3 есеге артты. Басқаша айт­қанда, бұл Қазақстан кәсіпкерлері үшін өз өнімдерін ешқандай кедергісіз экспортқа шығару үшін үлкен мүмкіндік екендігі даусыз. Бұл үдерістің нақты тиімділіктері бар. Шілде айының басында Сіз­дің тапсырмаңыз бойынша Мәс­кеу­де үш мемлекеттің бизнес өкіл­дерінің кездесуі өткізілді. Оған үш ел үкіметтерінің бас­шы­лары қатысты. Бұл басқосуда нақты мәселелер тілге тиек етілді. Үш мемлекеттің кәсіпкерлері де бұл ретте Президенттерге ілесе алмай келе жатқандығын атап көрсетті. Президенттер іске осын­шама шапшаңдық бергендіктен көптеген адамдар үшін біздің елдеріміз арасындағы кеден шек­ара­сының өзі ашылып кеткендей сезілді. Әрине, бұл үдеріс кең ауқымды болғандықтан бірқатар проблемалар да бас көтерді. Сіз­дің тапсырғаныңыздай, үш мемлекет басшысының шешім қабыл­дағанындай Қазақстан оңтүстік шекара үшін жауап береді. Мұнда бірқатар жұмыстар жүргізілуі керек. Сіздің тұрғын үй құрылысы саласы жөнінде берген тапсырма­ла­рыңыздың барлығы орындал­ды. Барлығы да жасалынған жос­парға сәйкес жүріп жатыр. 2011 жылдың 6 айы ішінде тұрғын үй құрылысының барлық көздері бой­ынша бұл іске 1,2 миллиард АҚШ доллары бағытталды және 6 айдың ішінде 2,7 миллион шар­шы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа бағыт әзірге экспе­рименттік тәртіп бойынша жүргі­зілуде. Одан тиісті тиімділік 2012 жылы болады. Тұрғын үй-комму­налдық шаруашылық жөніндегі барлық жоспарлар қабылданды.

- Бұл маңызды жаңа бағытты біз өзімізге қабылдап отырмыз. Бүгінгі күнгі түсіндіру жұмыс­та­ры жетіспей жатыр. Біз нашар үйлерде орналасқан халыққа кө­мектесеміз. Мемлекет оларға бағ­дарламаға қатысу жөнінде ұсы­ныс жасап отыр. Орталық­тан­ды­рыл­ған коммуникацияларды мемлекет өзіне алады, ал тұрғын үй­лерді жөндеу ісінің 50 пайызына үй иелерінің өзі қатысуы тиіс. Басқа жауапкершіліктің барлығын мемлекет өзіне алады. Оның үс­тіне осы қатысудың өзіне мемлекет қолдау білдіріп отыр. Жақсы жұмыс істеп жатқан облыстардың бірқатарында қазір бұл үдеріс басталып та кетті. Бұған Шығыс Қазақстанды, Астана қаласын, бас­­қа да бірқатар облыстарды мы­­­салға келтіруге болады. Ал бұл жөнінде жұмыс жүргізбегендерде әзірге іс тоқтап тұр, - деп атап өт­ті Мемлекет басшысы.

- Сіз бізге алдағы жылыту мау­сымына дайындалу жөнінде өте нақты тапсырма бердіңіз. Сол тапсырмаларға сәйкес Астана бойынша, жалпы құры­лыс­ты дамытуда пайда болған про­б­лемаларға қатысты вице-премьер Әсет Исекешев барлық облыстар­ды аралап шықты. Қазір біз мұны жолға қойдық. Бұл әкімдердің дербес жауапкершілігіне жүктелді. Қа­зіргі күні біз әрбір облыс бой­ынша дайын­дық­тың жоғары дең­гейін көріп отыр­мыз. Батыс Қа­зақ­стан облысында бірқатар проблемалар болды, ол­ар­да құбыр­лар­дың жарылуы орын алды. Біз оларға пайда болған про­блема­лар­ды шешуге қордағы қаражаттан ақша бөлдік. Сөйтіп, мәселе шешілді. Қазір дайындық жоғары деңгейде. Бұл мәселені тамыз ай­ында тағы да талқы­лай­тын бола­мыз. Отын­мен қамту жө­нінде қа­зіргі күні үл­кен бір проблема жоқ. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, халықты әлеуметтік қорғау бой­ынша бұрын-соңды болмаған ша­раларды қабылдаған Сіз әлемдегі бірден-бір Президентсіз. Мұны Еуропа одағын, ТМД-ны, басқа елдерге қарай отырып, кесіп ай­туға болады. Соңғы үш жылда зей­нетақы екі жарым есе, бюджеттік ұйымдардың жалақысы екі есеге өсті. Соның ішінде 2011 жылдың 1 қаңтарында зейнетақы нақты 30 пайызға, ал мемлекеттік базалық зейнетақы 50 пайызға көтерілді. Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап мұның өзі нақ­ты жүзеге асырылды. Бюджеттік сала қыз­мет­керлерінің жалақысы 30 пай­ыз­ға көтерілгендігін жұрт­тың бәрі кө­ріп, сезініп отыр. Осы­ған орай, бұл жағдай инфляцияға үлкен сал­мақ түсіре ме деп қау­іптенген едік. Бірақ біз әзірге ондай құбылысты көріп отырғ­ан жоқпыз. Нұрсұлтан Әбішұлы, халықты жұмыспен қам­ту туралы Сіз Үкіметке «Жұмыспен қамту- 2020» бағдарламасын әзірлеу жө­нін­де тапсырма берген едіңіз. Бағ­дарлама қабылданды. Заңға қа­жетті өзгерістерге Сіз қол қой­ды­ңыз. Олар күшіне енді. Бағдарла­ма­ны орындау үшін 2011 жылға қажет ресурстар бөлінді. Қазір жұмыс басталып кетті. Біз қазіргі күні әрбір облыс бойынша комиссия аясында нақты жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облы­с­тарында жағдайды байқадық. Ор­талық, үкіметтік, министрлік дең­гейінде барлық мәселелер шешілді. Жергілікті жерлерде аздаған іркілістер бар. Әзірге облыстық немесе аудандық әкімдердің бар­лы­ғы бірдей өздеріне қандай жа­ңа мүмкіндіктердің берілгендігін шын мәнінде түсіне қойған жоқ. Кәсіпкерлер үшін, жұмысы жоқ адамдар үшін, оларды жұмысқа әзірлеу мен қайта даярлауда үлкен ресурстар пайда болып, мүмкін­діктер ашылып отыр. Осы тамыз айының ішінде облыстар бойын­ша барлық қалған мәселелер жө­ніндегі жұмыстарды аяқтаймыз. Қазіргі күні бұл іспен қарқынды шұғылданудамыз. Білім беру саласында Сіз қол қойған мемлекеттік бағдарлама­ға сәйкес балаларды мектепке дейінгі мекемелермен, балабақша­мен қам­ту артып келеді. Бұл бағ­дар­ла­ма мектептер салу, кәсіптік-тех­ни­калық оқыту бойынша ба­рын­­ша белсенді түрде жүргі­зі­лу­де. Қысқасын айтқанда, бұл жұ­мыс­­тар Сіздің берген тапсырма­ңыз­ға сәйкес іске асырылуда. Денсаулық сақтау мәселесі бой­ынша мен бірқатар цифр­лар­ды атаған болар едім. Олар айтуға тұрарлықтай. Сіздің бөлген ре­с­урс­тарыңыз, Сіздің қабылдаған бағ­дарламаларыңыз қазірдің өзін­де нақты нәтижелер беруде. Үс­ті­міздегі жылдың бірінші жарты­жыл­дығында республикада ана өлімі 45 пайызға, сәбилер мен балалар өлімі 15 пайызға, қан айналу жүйесі бойынша аурулардан бо­латын өлім көрсеткіші 6 пай­ызға және тұрғындардың туберкулезбен ауру көрсеткіші 11 пайызға азая түсті. Нұрсұлтан Әбішұлы, бұл Сіздің қабылдаған шешіміңіздің нақ­ты нәтижелері. Менің ойымша, бұл мәселеде әлі де резервтер бар. Бюджеттік комиссия аясында, әр­түрлі мәжілістер аясында біз тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр­мыз. Яғни, резервтер бар, жағ­дай­ды қазіргіден де жақсарта түсуге болады. Сіздің берген тапсырма­ңыз бойынша денсаулық сақтау саласында 2 пойыз, 11 жылжы­ма­лы медициналық кешен облыс­тар­ды аралап жүр. Оларды өзіңіз де көрдіңіз. Енді 39 жылжымалы медициналық кешен сатып алы­нып, іске қосылады. Халық бұ­лардың қызметін өте жақсы қабылдауда. Сіз «Халықтық IPO» бағдар­ла­масына қатысты тапсырма бер­діңіз. Кеше біз «Самұрық-Қа­зы­на» директорлар кеңесін өткізіп, бұл бағдарламаны тағы бір рет алдын-ала пысықтадық. Тамыз­дың соңы­на таман Үкіметте қа­рап, 1 қы­р­күй­ек күні Сіздің қара­уы­ңызға тап­сырамыз. Мұндағы проблема түсіндіру жұмыстары мен қаржы­лық сауаттылыққа қо­сым­ша назар аударуды талап етуде. Әзірге ха­лықтың 26 пайызы ғана не мәселе жөнінде әңгіме болып жатқан­ды­ғын түсініп отыр. Сондықтан түсіндіру жұмыс­та­рын үстіміздегі жылдың соңына дейін аяғына жеткізіп, келесі жылдың басында іске кірісіп кетеміз.

- Индустриялық бағдарлама, «Биз­нестің жол картасы», жұ­мыс­пен қамту, тұрғын үй құрылы­сы­ның жаңа бағдарламасы, ауыз сумен қамту бағдарламасы бойын­ша түсіндіру жұмыстары бақы­лау­да болуы тиіс. Бұқаралық ақ­парат құралдары бұл туралы ха­лыққа тиісті жұмыстарды жүргі­зулері керек. Дағдарыс кезінде «Жол картасы­ның» қалай жұмыс істеп жат­қан­дығы жиі көрсетіліп, айтылатын. Қазір бұл жұмыстар жоқ. Біздің қызметкерлер бұл жө­нінде бұқа­ралық ақпарат құрал­дарында сөз алуы тиіс. Тиісті министрліктер мен ведомстволар осы мәселеде белсенді жұмыс істеуі керек, - деп атап көрсетті Нұр­сұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков жиын-терін жұмыстарының ба­ры­сы жөнінде баяндама жасады.

- Биылғы жылы да өткен жылда­ғыдай жалпы егістік көлемі 21,2 миллион гектарды құрады. Оның 16,3 миллион гектарын астық да­қылдары, соның ішінде 14,1 миллион гектарын бидай егістіктері алып отыр. Майлы дақылдар 1,8 миллион гектарға, мақта 15 мың гектарға, қант қызылшасы 21,1 мың гектарға, картоп және басқа көкөніс дақылдары 177,5 мың гек­тарға егілген. Жалпы алған­да, егіс алқаптарын әртараптан­дыру жұмыстары жүріп жатыр. Өткен 2010 жылмен салыстыр­ғанда, басымдық беріліп отырған дақылдар көлемі едәуір арта түс­ті. Мәселен, азық дақылдары 39 мың гектарға, күнбағыс – 63 мың гектарға, соя – 8 мың гектарға, зығыр – 73 мың гектарға, бұршақ дақылдас өсімдіктер - 26 мың гек­тарға көп егілді. Агроөнеркәсіп секторын қаржылық қамтамасыз ету жөнінен барлық шаралар қа­былданды. Биылғы жылы «Қаз­Агро» қаржылары есебінен 177 миллиард теңгеге қаржыландыру қарастырылуда. Оның ішінде 94 миллиард теңге көктемгі дала жұ­мыс­тарына және орақ науқанына бөлінбек. Басқа қаржылар есебінен біз ӘКК кепілдігімен өте жеңілдікті шарттармен 17 миллиард теңгеге қаржыландырдық. Осылайша биылғы жыл қолайлы болады деген сеніммен көптеген ұсақ ауылшаруашылық тауарла­рын өндірушілер «ҚазАгро» ар­қы­лы несиелер алып, тұқым себу жұмыстарын уақтылы, сапалы және толық көлемде жүргізе ал­ды. Биылғы жыл ауыл шаруашы­лығы үшін өте қолайлы. Біз қар­жыландыру бойынша қабылдан­ған барлық шаралар өндіріс кө­леміне тиісті дәрежеде әсер етеді деп күтеміз. Өткен жылы құрғақ­шылықтан зардап шеккен батыс өңіріндегі тұқым себу жұмыс­та­рын қамтамасыз ету жөнінен ба­рынша уақытылы шаралар қабыл­данды. «Азық-түлік корпорациясы» ре­­сурс­тары есебінен оларға тұқым себу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті ресурстар бөлінді. Тұқым беріліп, ол ауылшаруашылық тау­арларын өндірушілерге дұрыс та­ратылып берілді. Осылайша би­ылғы жыл батыс өңірі үшін де қолайлы болмақ. Сол сияқты осы қаржылар есебінен 17 миллиард теңге бөлініп, ол өңірлік тұрақ­тан­дыру қорларын құруға бағыт­талатын болады. Ол да ауыл­шаруашылық тауарларын өндіру­ші­лердің тауарларын сатып алуға жұмсалады. Осылайша бұл да тиісті қаржыландыру болып табыл­мақ. Микронесиелік бағдарлама­лар дамытылуда. Қазақстанның астық егетін негізгі аймақ­та­рын­дағы агрометеорологиялық жағ­дай қолайлы қалыптасып отыр. Ылғалмен қамтамасыз етілу жағ­дайы өте жақсы. Оңтүстік Қазақ­станда орақ науқаны басталып, ол 22 пайызға жүзеге асты. Орташа түсім гектарына 14,7 центнерден айналуда. Өткен жылмен салыс­тыр­ғанда бұл 0,5 центнерге көп. Тауар өндірушілердің бәрі жанар-жағармай материалдарымен қам­та­масыз етілді. Техникалық даяр­лық жоғары деңгейде – 92 пайыз, бұл өткен жылғыдан 6 пайызға көп. Шөп шабу, жем-шөп дайын­дау өте жақсы жүріп жатыр. Биыл шөп пен пішендеме көлемін тіпті бір жарым жылдық қор көлемінде жасап алуға мүмкіндік бар. Мал шаруашылығы бағдарламасы осы­ны талап ететіндіктен, бұл өте қажет. Мал шаруашылығы бағ­дар­ламасы жоспарлы режімде жү­зеге асырылуда. Біз заңнамалық қамтамасыз ету, инфрақұры­лым­дар құру, халықаралық стандарт­тар­ға көшу сияқты бағыттар бой­ынша жұмыс жүргізудеміз. Белгіленген көрсеткіштер түгелдей ор­ындалуда. Әр облысқа қанша фер­мерлік шаруашылықтың құ­ры­луға тиіс екендігі, онда қанша бас малдың болуы керектігі, бор­дақылау алаңының қанша бола­тын­дығы, асыл тұқымды репре­дук­торлардың қанша керек екендігі жөніндегі индикативтік көр­сет­кіштер көлемі әрбір облысқа жеткізілді. Біз тиісті индикат­ив­тер­дің әрбір облысқа, әрбір ау­дан­ға олардың әлеуеттеріне сәйкес жеткізілуіне қол жеткіздік. Тоқ­санына бір рет Премьер-Министр деңгейінде селекторлық кеңес өт­кізіліп тұрады. Биыл біз 17 мың орындық қуаты бар мал бор­да­қы­лау алаңын іске қосуды жоспарлап отырмыз. 40 мың басқа ар­налған жаңа шаруа қожалықтары құрылуда. Бұл жаңа бизнес, ха­лықтық жоба. Кепілсіз, қолда бар, сатып алынатын мал кепіл орны­на жүреді, оның сыртында жұмыс орындарын ашу мүмкіндігі де бар. Біз биыл астық деңгейі орташа және тіпті одан да жоғары болады деп болжап отырмыз. Бұл халықаралық ұйымдардың, соның ішінде Астық жөніндегі халық­ара­лық кеңестің болжамына сәй­кес келеді. Біз биылғы жыл ауыл шаруашылығы үшін қолайлы бо­лады деп жоспарлап отырмыз. Егін орағы ылғалды күз жағдай­ында өтеді деп күтілуде. Қазір астық қабылдау кәсіпорындарын, соның ішінде астық кептіру жаб­дықтарын дайындау жұмыстары­мен қарқынды айналысудамыз. Кейбір солтүстік облыстар мен аудандарда астық қабылдау пункт­терінің сыйымдылығына деген тап­шылықтың бар екенін ескере оты­рып, біз астықты Аргентина мен Канададағы сияқты полимер қап­шықтарда сақтау технологиясын кеңінен таратпақпыз. Бұл – жаңа технология, өте арзан әрі қол­же­тімді. 2009 жылы ол алғаш рет қолданылды да. Сонымен бірге барлық қырмандарды, астық қа­былдау кәсіпорындары мен басқа да қуаттарды, астық кептіргіштерді инвентаризациядан өткізіп, ас­тық қабылдауға дайындаудамыз.

Кеңесті қорытындылай оты­рып, Мемлекет басшысы бірінші жартыжылдықта 2011 жыл бой­ын­ша экономиканың 7 пайыз өс­уі­­не негіз қаланғанын атап көрсетті.

- ІЖӨ-нің жалпы көлемі өседі, жан басына шаққандағы көрсет­кіш те өсетін болады. Ол біздің халқымыздың тұрмысының жақ­са­руына қызмет етпек. Ең бас­тысы, индустрияландыру бағдар­ла­масы жұмыс істеп жатыр, іске қосылған кәсіпорындар есебінен біз 160 мың жаңа жұмыс орын­дарын құрдық, жұмыссыздықты төмендеттік, өзіміз айтып өт­кен­дей, еңбекпен қамтудың барлық бағыттары бойынша жұмыстар жүруде. Селода тілек білдіргендерге біз шағын несиелер береміз. Ықыласы бар адамдарға екінші мамандық беріп, жұмысқа орналастырамыз. Бұл өте үлкен бағдарлама, барлық облыстық, аудандық, қалалық әкім­­діктер Үкіметпен, министр­ліктер­мен бірлесіп, ол бойынша жұмыс істеулері керек. Бүкіл әлемде зейнетақылар мен еңбек­ақыларды қысқарту жүріп жатқан кезде біз­дің әлеуметтік салаға қолдау көр­сетуіміз өте маңызды. Қазақстан 1 қаңтардан бастап зей­нетақы­лар­ды 30 пайызға, ба­за­лық зейнет­ақы­ны 50 пайызға өс­ірді, 1 шілдеден бастап барлық бюд­жеттегілердің еңбекақылары 30 пайызға көте­ріл­ді. Олар шілде айының қоры­тындысы бойынша ол ақшаларды алатын болады. Бұл мұғалім­дер­дің демалысына дәл келіп отыр. Біздің халық, қа­зақстандықтар мұ­ның бәрін дұ­рыс бағалайды. Біз Еуропада, жалпы алғанда, Еуропа одағында не болып жатқанын, Грекияның, өзге де елдердің дербес борыш­тарын көріп отырмыз. Ал қазақ­стандық экономика тұ­рақ­тылық­ты ғана көрсетіп қой­май, соны­мен бірге біз жүргізіп отырған бүкіл жұмыстардың әлеу­меттік маңыздылығын да айғақ­тап отыр. Мені машина жасау са­ла­сының 30 пайыз қарқынмен, бү­тіндей ал­ғанда өнеркәсіптің озық қарқын­мен өсіп отырғаны ерекше қуан­та­ды, бұл индустрияландыру бағ­дарламасының қамтамасыз етілгендігін білдіреді. Біз айт­қандай, бүтіндей ахуалдың әр түрлі болу мүмкіндігіне қарай, әл­емдегі конъюнктураның да өз­геруі мүмкін. Яғни ол бізге ықпал етпей қала алмайды. Қазір біз әлемдік экономикамен біте қай­нас­қандықтан, болып жатқан жағ­дайлардың бәрі бізге ықпал ететін болады. Айдың басында Үкімет­пен өткізген үлкен кеңесте мен Үкіметтің талдамалық жұмысы өте күшті болуы тиіс деп айтқан болатынмын. Бізде дағдарыстан шығу жоспарлары болуы керек. Әл­емде жанданудың болып жат­қа­нына қарамастан, орын алған дағдарыстың қайталануы да мүм­кін. Біз олардың бәріне талдау жа­сауға тиіспіз. Әрине, өмір өз түзетулерін енгізеді. Біздің жос­парларымыз, мен өзімнің Жол­дау­ымда атап өткендей, тең­десті­ріл­ген және біз оларды жүзеге асы­рудамыз. Сондықтан болжам жа­сауға қатысты мәселелер жөнін­де­гі шаралар кешенімен жұмыс жасауымыз керек. Тағы бір мә­селе – ол басымдыққа ие тауар­лар­дың, жұмыстардың, қызмет­тер­дің бірегей картасын әзірлеу. Біз қандай бос орындарды пайда­ланбақпыз. Біз кәсіпорындар құ­ру­дамыз, сондықтан олардың өз­дерін экспортта ма, елдің ішінде ме, қалайша игере алатынын ескеруге тиіспіз. Біз шағын кәсіп­керлікке үнемі қолдау көрсетіп келеміз. Бүгін мен лицензиялар жөніндегі заңға қол қойдым. Біз лицензияларды 30 пайызға қыс­қар­тамыз, бірақ мұнымен іс бітпейді, одан әрі де жұмыс істеуіміз керек. Үлестік құрылыс бойынша біз 450 нысанды аяқтадық, 2011 жылға 49 нысан қалып отыр. Би­ыл біз бұл жұмысты да аяқтайтын боламыз. Бұл істі қадағалауға алу қажет. Ауыл шаруашылығы бой­ын­ша – біз жылдың қолайлы екенін көріп отырмыз, жақсы астық түсімін күтудеміз. Өткен жылға қарағанда жақсы болатыны анық. Бұл тыңғылықты дайындалу міндетін жүктейді. Жанар-жағармай бойынша біздің әлемдегі ең тө­менгі бағалар деп мақтана алмай­тынымызды барша да білуге тиіс. Біздегі барлық мұнайшылар – жеке компаниялар. Олар игеру нәти­же­сіне жұмыс істейді, олар әлем­дік рыноктарға бағдар ұстанған. Біз барлық түрлер бойынша кө­мек­тесеміз, дотациялар береміз, бірақ ауыл шаруашылығы мұндай көңіл­жықпастықтың үнемі бола бермейтінін түсінуі керек. Үкімет қой­ыл­ған міндеттерді шешіп келеді, бағ­дарламалар орындалуда, сондық­тан қалған уақыттағы біздің міндетіміз – біздің Тәу­елсіздігіміздің 20 жылдығын лай­ық­ты қарсы алу жөніндегі барлық жоспарларды орындап және ме­рей­тойға табыс­тар­мен келіп, бар­лық осы мәсе­лелер бойынша қа­зақ­стандықтарға мәлім етуіміз керек, - деп атап көр­сетті Нұрсұлтан Назарбаев.

Кеңестің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақ­ты тапсырмалар берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар