Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

5 сәуір 2019
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Халықаралық Түркі академиясының қазіргі қызметі және алдағы жұмыс жоспары туралы мәлімделді.

Әңгімелесу барысында Д.Қыдырәлі Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің отырысында берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады.

Халықаралық Түркі академиясының президенті, сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалардың негізгі бағыттарының жүзеге асырылу барысы жөнінде ақпарат берді.

Сонымен қатар, Д.Қыдырәлі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа түркі әлемінің тарихына және тәуелсіз Қазақстанның дамуына арналған бірнеше кітап пен туындыны таныстырды.

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар