Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

2 шілде 2019
Қазақстан Президенті Bloomberg Media Group компаниясының бас атқарушы директоры Джастин Смитпен кездесті
Нұр-Сұлтан қаласы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы

Мемлекет басшысы медиа компанияның басшысына ілтипат білдіріп, жақында ғана Bloomberg агенттігінің журналистеріне сұхбат бергенін атап өтті.

Қазақстан Президенті Bloomberg компаниясының бүкіл әлем бойынша әскерлік және қаржылық ақпарат тарататынын атап өтіп, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін ілгерілету үшін оның айрықша рөл атқаратынын айтты.

Кездесу барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңынан тікелей хабар тарататын Bloomberg студиясын ашу, беделді халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарын тарту үшін медиахаб құру, ірі ұлттық компаниялардың акцияларының «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасына шығуын сүйемелдеу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, тараптар Қазақстанның инвестициялық ахуалын одан әрі жақсарту перспективалары жөнінде пікір алмасты.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар