Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

27 наурыз 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозерден сенім грамотасын қабылдады

Сенім грамотасын қабылдау рәсімі барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозерді еліміздегі дипломатиялық қызметінің ресми түрде басталуымен құттықтады. Сондай-ақ, екі жақты қарым-қатынастарды нығайту үшін осы оқиғаның маңызды екенін айтты.

– Біз Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі деңгейін жоғары бағалаймыз. Мемлекеттің жаңа басшысы ретінде маған білдірген жылы лебізі үшін АҚШ Президенті Дональд Трампқа ризашылығымды айтқым келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Уильям Мозер Мемлекет басшысына алғыс білдіріп, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың былтыр Америка Құрама Штаттарына жасаған сапары аясындағы екі жақты ынтымақтастықтың перспективаларын ерекше атап өтті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Уильям Мозерді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының басталуымен тағы да құттықтап, оның жұмысы елдеріміз арасындағы достық пен өзара сенімді одан әрі нығайтуға септігін тигізетінін айтты.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар